Колледждің стратегиялық жоспарын әзірлеу және қабылдау үрдісі барлық мүдделі тараптардың қатысуымен қалыптасқан бірыңғай схемасы бойынша жүргізіледі (циклдік комиссиялардың отырыстарында талқылау, ұсыныстар әзірлеу, оларды педагогикалық кеңесте қарау және қабылдау). Колледж ұжымы стратегияны әзірлеу барысында жалпы білім беру саласындағы, атап айтқанда, ТжКБ жүйесінде телекоммуникация саласындағы қоғамның қазіргі жағдайы мен даму мүмкіндіктеріне талдау жасады. Талдау жүргізу кезінде өзекті бағдарламалық, заңнамалық, нормативтік актілер, білім беру және ТжКБ-ны дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жоспарланатын іс-шаралар пайдаланылды. Еңбек нарығы қажеттілігінің деңгейі, өңірдің даму мүмкіндіктері туралы ақпарат түрлі іс-шараларда кездесу кезінде жұмыс берушілерден алынған деректерден жиналды. Ұсыныстар педагогикалық кеңестің отырысында қаралды және олардың тиімділігі колледжді дамытудың стратегиялық жоспарына енгізілді. Жоспардың соңғы нұсқасы педагогикалық кеңестің хаттамасымен Бекітілді (№1 хаттама 28.08.19 ж.).