IT-технологиялар керемет қарқынмен дамуда, ал технологиялық саланың мамандары барған сайын сұранысқа ие болуда. Еңбек нарығына әсер ететін факторларды ескере отырып, Алматы байланыс колледжі ұзақ уақыт бойы IT-технологияларға маманданған кәсіби мамандарды даярлайды, соның ішінде «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша да оқытады.
АБК мобильді және компьютерлік қосымшаларды, ойындар мен түрлі құрылғылардың бағдарламалық жасақтамасын жасау бойынша қызметті жүзеге асыратын «Бағдарламалық жасақтама әзірлеушісі» біліктілігі бойынша мамандар дайындайды.
Колледжде оқуын аяқтағаннан кейін түлек бағдарламалау тілдерінің негіздерін білетін болады: Delphi, C+, C#, 1C-бағдарламалау, Java, Python
БҚ әзірлеу бойынша білікті маман болу үшін абитуриент осы мамандық бойынша Алматы байланыс колледжіне түсіп, 3 жыл 10 ай білім алуы қажет.
07140900 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)*
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде - 3 жыл 10 ай
Оқу ақысы:450 000 тг.
Оқыту түрі- күндізгі, сырттай Оқыту тілі - қазақ тілі, орыс тілі