Дуалды білім беру
Алматы байланыс колледжі
1930 жылы негізі қаланды
Басты бет / Талапкерлерге / Дуалды білім беру
Дуалды білім беру
Алматы байланыс колледжі дуалды оқытуды және өндірістік тәжірибені келесі ұйымдарда жүзеге асырады: «Казахтелеком» АҚ, «АспанТелеком» ЖШС, «2-В CONNECT» ЖШС, «BT-com infocommunucations» ЖШС, «IT SUPPORT GROUP» ЖШС, «Технопарк Алатау» ЖШС, «Vista Project» ЖШС.
2021-2022 оқу жылында дуальді оқыту бойынша кәсіпорындар базасында 141 білім алушы практикадан өтуде. Биылғы жылы түлектер саны-201 студент. «Радиоэлектроника және байланыс» және «Оптикалық және электрондық жабдық» мамандықтары бойынша практика кезінде білім алушылар байланыс саласында кәсіби дағдыларды меңгереді, кабельді монтаждауды, желілік жабдықты, станцияларды баптауды жүргізеді және техникалық ақауларды жояды.
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша студенттер практикадан өту кезеңінде Веб-сайттарды әзірлеу саласында тәжірибе жинайды және бағдарламалау бойынша жұмыс орнына қызмет көрсетеді.

Студенттерді ұйымдардың жоғары білікті қызметкерлері мен тәлімгерлері оқытады. Практикадан өту кезінде студенттер тәлімгерлердің жеке және топтық тапсырмаларын орындайды. Практика аяқталғаннан кейін біздің студенттер өздерінің орындалған жұмыстарымен таныстырады, қорғайды және басшы мен тәлімгерден пікірлер алады. Бұл пікірлер жұмысқа орналасуға ықпал етеді және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуға мүмкіндік береді.
«АКС» © 2021 барлық құқықтар қорғалған
info@kau.kz