Біліктілік – 4S10150105-Гид (гид-аудармашы) Гид-аудармашы мамандығы қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие. АБК-дағы «Туризм» мамандығы кәсіби гид-аудармашыларды даярлауға бағытталған.
Алматы байланыс колледжінде оқу кезінде студенттер шет тілдері, тарих және мәдениет саласындағы өздерінің кәсіби құзыреттерін арттырады.
«Туризм» бағытының түлектері гид және гид-аудармашы біліктілігін алады. Гид-аудармашының функциясына туристерді сүйемелдеу, оларды елдің салт-дәстүрлерімен және мәдениеттерімен таныстыру, шетелдік қонақтарға бейтаныс қалада жүруге көмектесу кіреді.
Колледжде оқуын аяқтағаннан кейін түлек: ► білікті гид-аудармашы болады; ► кәсіби және іскерлік мүдделер саласында тілдік және мәдениетаралық құзыреттердің деңгейін арттыру; ► туризм саласындағы ұйымдастырушылық қызметтің әмбебап дағдыларын меңгереді.
Туризм саласында білікті маман болу үшін талапкер осы мамандық бойынша Алматы байланыс колледжіне түсіп, 2 жыл 10 ай білім алуы керек.
10150100 Туризм
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде-2 жыл 10 ай
Оқу ақысы:450 000 тг.
Оқыту түрі- күндізгі, сырттай Оқыту тілі - қазақ тілі, орыс тілі