Алматы байланыс колледжі
1930 жылы негізі қаланды
Басты бет/ Колледж туралы / Миссиясы
Миссиясы
– 1995 жылдың 30 тамызындағы Қазақстан Республикасының Конституциясы (02.02.2011 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен);
– Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;
– «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (01.11.2018 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен);
– Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары;
– Ұлттық біліктілік шеңбері;
– Салалық біліктілік шеңбері;
– Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
– Үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламалары;
– Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары;
– Халықаралық білім беру корпорациясының регламенттері;
– Қазақстан Республикасының өзге де заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдері;
– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары, өкімдері.
Миссияны сапалы іске асыру мақсатында колледждің 2019-2030 жылдар кезеңіне арналған стратегиялық даму бағдарламасы әзірленді, оның мақсаты белгіленген миссияға қол жеткізу болып табылады.
Колледждің даму стратегиясында колледжді дамытудың келесі негізгі бағыттары және оларды жүзеге асыру жолдары белгіленген:
* 2020 жылы ҚР СТ ИСО 9001-2009 талаптарының негізінде сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу;
* Білім алушылардың мамандық иесі болуын және тиісті біліктілік алуын қамтамасыз ету;
* Белсенді өмірлік ұстанымы бар бәсекеге қабілетті, жоғары білікті маман тәрбиелеу;
* Түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жүйесін дамыту;
* Колледждің материалдық-техникалық және әдістемелік базасын дамыту;
* Колледждің білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында денсаулық сақтау білім беру кеңістігін жан-жақты дамыту.
Белгіленген мақсаттарды іске асыру үшін колледж ұжымынан келесі міндеттерді шешу талап етіледі:
* Білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзін-өзі дамытуы үшін тиімді өзара әрекеттесу ортасын жүзеге асыру және жағдайларды жасау;
* Білім беру қызметтерінің таңдау мөлшерін кеңейту;
* Оқыту сапасын арттыру, заманауи педагогикалық технологияларды игеру;
* Колледждің материалдық-техникалық және әдістемелік базасын дамыту.
Қызметтің стратегиялық бағыттары:
* Әлемдік еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
* Материалдық-техникалық базаны дамыту
* Кадрлық әлеуетті нығайту
* Ғылыми-әдістемелік қызмет процесін одан әрі дамыту
* Ақпараттандыру процесін дамыту
* Тәрбие жұмысының процесін дамыту
колледж қызметінің миссиясын, мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады.