Алматы байланыс колледжі
1930 жылы негізі қаланды
Басты бет/ Талапкерлерге / Мамандықтар
Аударма ісі
02310100 Аударма ісі (түрлері бойынша) *
Біліктілік: 4S02310101 Аудармашы
Аудармашы мамандығы XXI ғасырда ерекше маңызға ие болды. Кәсіби аудармашы саяси, әлеуметтік және мәдени сипаттағы ұлтаралық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Алматы байланыс колледжінде «Аударма ісі» бағыты бойынша мамандар даярланады. Оқу барысында студенттер шет тілін меңгеру деңгейін жетілдіріп қана қоймай, ой-өрістерін кеңейтеді.
Түлектер аудармашы біліктілігін алады және аударма, ұйымдастыру, өндірістік-басқару, ақпараттық-талдау, ғылыми-зерттеу қызметтерін орындай алады.
АБК түлектері:
► мемлекеттік мекемелерде
► халықаралық компанияларда жұмыс істей алады.
Білікті аудармашы болу үшін талапкер Алматы байланыс колледжіне осы мамандыққа түсіп, 2 жыл және 10 ай білім алуы қажет
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай
Оқу ақысы: 450 000 тг.
Оқыту түрі – күндізгі, сырттай
Оқыту тілі – қазақ тілі, орыс тілі
300
мемлекеттік оқу гранты