Байланыс

Алматы байланыс колледжі

1930 жылы негізі қаланды

Басты бет / Талапкерлерге / Мамандықтар

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

07140900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Алматы байланыс колледжінде «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы ең танымал және кең мамандық болып табылады.

Осы бағыт бойынша төрт біліктілік бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылады:
 4S07140902 Телекоммуникациялық байланыс жүйелерінің технигі
 4S07140906 Техник-радиотехник
► 4S07140903 Сымсыз және ұялы байланыс технигі
 3W07140901 Телекоммуникациялық жабдықтар мен байланыс арналарын электромонтаждаушы-реттеуші

Мамандар мамандандырылған радиоэлектрондық құрылғыларды, ақпаратты берудің цифрлық желілеріне арналған бақылау-өлшеу аспаптарын, цифрлық радиобайланыс арналарын ұйымдастырудың бағдарламалық-техникалық құралдарын жобалаумен, әзірлеумен және пайдаланумен айналысады.

Түлектер адам қызметінің барлық салаларында жұмыс істей алады, атап айтқанда:
► мемлекеттік және жеке телекоммуникациялық компаниялар
 байланыс салаларының әртүрлі салаларында байланыс қызметтерін көрсетуді жүзеге асыратын кәсіпорындар: радиобайланыс, радиохабар тарату, ұялы байланыс, мультисервистік абоненттік қол жеткізу
 ғылым, білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы;
 қызмет көрсету саласы;
 әр түрлі технологияларды басқару.

Оқу мерзімі:
9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай
11 сынып негізінде-1 жыл 10 ай

Құны: 450 000 тг.

Оқыту түрі – күндізгі, сырттай
Оқыту тілі – қазақ тілі, орыс тілі

300

мемлекеттік оқу гранты

 

100%

оқуға 100%-ға дейінгі жеңілдіктер